
Музей туралы
Риддер тарихи-өлкетану музейі өңірдің тарихын, табиғатын және мәдениетін зерттеп, тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді және қолжетімді мәдени қызметтер көрсетеді. Музей Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 11 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 411 ш.м, оның ішінде 277 ш.м — экспозициялық залдар, 74 ш.м — жұмыс кабинеттері, 60 ш.м — қор сақтау бөлмесі.
Музей штатында 11,5 бірлік қарастырылған, 7 маман жұмыс істейді. Қорларда археологиялық, этнографиялық, палеонтологиялық коллекциялар мен фотоматериалдарды қоса алғанда, 33 800-ден астам сақтау бірлігі бар. Ғылыми жұмыстар бес бағыт бойынша жүргізіледі: жаратылыстану, археология, этнография, тарих және тарихи-мәдени мұраны қорғау.
Музей облыстық, республикалық және халықаралық жобаларға белсенді қатысады. 2013 жылы музей маманы республикалық «Жылдың үздік экскурсоводы» байқауында бірінші орынға ие болды.