Менің Отаным – менің мақтанышым
Қазақстан Республикасын бай табиғи ресурстары мен пайдалы қазбалары бар ел ретінде, сондай-ақ ел егемендігінің қалыптасу кезеңдері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 21 қазанында «Алёнка» балабақшасының мектепке дейінгі тобы үшін Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Менің Отаным – менің мақтанышым!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.Балалар Президент туралы, Республика мемлекеттік рәміздері туралы, Отанымыздың астанасы – Астана қаласы туралы, Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан халықтар туралы білімдерін бекітті.
Олар «Қазақтандық болған жақсы», «Қазақстанның туын білесің бе?», «Күнді ұстап тұр» атты ойындарды қызыға ойнады. «Азамат» және «қазақстандық» сөздерінің мағынасын білді.Балалар «Бәйтерек туралы аңыз» атты құм анимациясын және «Үш тіл туралы ертегіні» тамашалады. Іс-шара барысында Қазақстан туралы өлеңдер мен әндер шырқалды.
Іс-шара «Біз Қазақстанды мақтан тұтамыз!» әнімен аяқталды.
