Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 25 қазан – барша қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие күн. Бұл күн халқымызды біріктіріп, жарқын болашаққа сенім мен ертеңгі күнге нық сенімділік сыйлайды. 35 жыл бұрын еліміздің тәуелсіздікке бастар тарихи жолының бастауы болған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл күн – Қазақстан мемлекеттілігінің халқымыздың бірлігі, жігері мен шығармашыл еңбегінің нәтижесінде қалыптасқанын еске салады. Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, отбасыңызға бақыт пен амандық тілейміз! Бақыт пен береке әр шаңырақта орнасын!