Меню KDT




Тарихи аспектілер аясында







«Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның тарих маманы Есимбаева Э.М. Қала мәдениет сарайында өткен «Тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Аталған іс-шара өңірдің тарихи мұрасын зерттеу мен сақтауға мүдделі ғалымдарды, зерттеушілерді, қоғам өкілдерін және сала мамандарын біріктірді. Конференция аясында Риддер қаласының қалыптасу тарихына, оның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдеріне, сондай-ақ өңірдің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөліне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.