«Ежелгі жауынгердің ізімен музей қорындағы сауыттың зерттеу»
2026 жылғы 5 маусымда Риддер қалалық Мәдениет сарайында «Риддер тарихи аспектілер тұрғысынан» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған іс-шара өңірдің тарихи мұрасын зерттеу мен сақтауға қызығушылық танытқан ғалымдарды, зерттеушілерді, өлкетанушыларды және қоғам өкілдерін бір алаңға жинады. Кездесу барысында қаланың қалыптасуы мен даму тарихына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Бұл конференция біз үшін маңызды белес әрі ұйымдастырушылар тарапынан көрсетілген зор қолдау болды. Біз құнды тәжірибе жинақтап, жаңа білім алып, тарих пен археология саласындағы жетекші мамандармен кәсіби пікір алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие болдық.
Конференция аясында ерекше қызығушылық тудырған іс-шаралардың бірі – «Қазақстан тарих толқынында үздіксіз мемлекеттілік» атты үш сағаттық дәріс болды. Дәрісті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ мемлекеті мен түркі елдерінің картографиясы және тарихи географиясын зерттеуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров оқыды. Дәріс ауқымды тарихи үдерістер мен Қазақстанның әлем тарихындағы рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.


Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі – Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Археологиялық зерттеулер институтының археологы Риддер тарихи-өлкетану музейіне жасаған сапары болды. Әріптестер музей қорында сақталған көне жәдігерлерді зерттеу ісіне баға жетпес тәжірибелік көмек көрсетті.
Атап айтқанда, тарих маманы Эльмира Маратқызы Есимбаева бір жыл бойы бірегей сауытты зерттеумен айналысты. Бұл сирек кездесетін қорғаныс қаруы 1986 жылы 4-шағын ауданда тазарту құрылыстарын салу кезінде табылған болатын. Аталған олжа музей қауымдастығы мен зерттеушілер үшін зор ғылыми қызығушылық тудырып, өңір тарихының жаңа беттерін ашуға мүмкіндік береді.
Артефактінің сараптамасын Ә. Марғұлан атындағы ППУ Археологиялық зерттеулер институтының археологиялық коллекциялар жөніндегі бас қор сақтаушысы Е. К. Тушева жүргізді. Сауыттың нақты тарихи кезеңі мен жасалған ғасыры жан-жақты талдаудың қорытынды нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады.
Риддер музейінің тарих маманы И.Н. Авдеев
