Меню KDT




Музей кеңесі



2026 жылдың 30 қазан күні Риддер тарихи-өлкетану музейінде Музей кеңесінің алғашқы отырысы өтті.Оның құрамына музей мамандары мен ардагерлері, өлкетанушылар және қала орта мектептерінің тарих мұғалімдері кірді. Қатысушылар музейдің жаңартылған экспозиция тұжырымдамасын, оның тақырыптық мазмұнын, залдардың құрылымы мен өңір тарихын таныстыру хронологиясын талқылады.

                                     
Кенді Алтайдың табиғи мұрасына, археологияға, этнографияға және Риддердің даму тарихына ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша жаңартылған экспозицияның тұжырымдамасы бірауыздан қабылданды.
Музей кеңесі - туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу бағытында тәжірибе алмасу мен бірлесе жұмыс істеуге арналған алаң.