Меню KDT




ТИШИНКАДАН ТАБЫЛҒАН БАТЫР



Қалалық тарихи-өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері Юрий Владиславович Классеннің хабарлау бойынша 1986 жылы 26 қыркүйекте, Солдатов зәйімкесінің маңында, Тишинск кенішінің жанында, (отчисные сооружения) тазарту құрылыстарын салу шұңқырының қабырғасының шығыс бөлігінде «Лениногорсксвинецстрой» трестінің мамандары, бульдозер шөмішімен кесілген қабырғасынан көне сүйектермен шығыршықты сақиналары салбыраған ежелгі жерлеу орны ашылды. Ашылған көне зираттың тереңдігі жер бетінен екі жарым метр тереңдіктен табылды.
Табылған жерлеу орнын егжей-тегжейлі тексеру және қорытынды жасау үшін №8 орта мектептің бір топ жоғарғы сынып оқушылары шақырылды. Олар абайлықпенежелгі қабір топыраққабаттарының жерін алып тастады. Аумақты тексеріп, осы учаскеде жұмыс істеп жүрген құрылысшылардан, бульдозеристтен сауалнама алғаннан кейін келесі жайттар анықталды: котлованның топырағын мамыр айында қазған, яғни жерлеу табылғанға дейін бес ай бұрын орны ашылып қойған. Бес ай бойы ашылып қалған көне қабір ауа райы әсері мен адамның қол сауына ұшыраған. Қарапайым жерлеу жәдігерлері жоғалып кеткен.
Топырақ үйінділерін бір орыннан екінші орынға жылжыту және топырақты ішінара електен өткізу кезінде жеке тізбекті шығыршықтар, жерленген жауынгердің сүйектері, оның жылқысының сүйек сынықтары және ірі жануардың шамасы құрбандыққа шалынған бұқаның сүйектерінің сынықтары табылды.
Жерлеу орнының сыртқы жер бетін қарау кезінде қабір үсті құрылыстарының іздері табылған жоқ. Олар әдетте үйінділер түрінде, сопақша, төсей салынған тастар тәрізді негіз ретінде немесе іші қиыршық таспен толтырылған сақина түрінде жергілікті шыққан үлкен сынық таспен төселуі тиіс еді. Архитектуралық көрінісі тасбақа қабығына, кесілген конусқа немесе биіктігі 0,2-0,4 метр жотаға ұқсауы тиіс еді.
Көнекөз қарттармен әңгімелесу жүргізу кезінде бұл аймақта кейде қола мен темірден, керамикадан жасалған көне заттар табылғаны белгілі болды. Бұл заттар жер бетіне кейін келіп қоныстанғандардың шаруашылық қызметі нәтижесінде жер бетіне шығып қалған сияқты. Бұл жайт осы жерде көне  қоныс пен зират болды деген ойға әкеледі. Қорғандардың тастары үй құрылыстарының фундаменттерінен табылған. Тұрғын үй құрылысы мен жерді өңдеу жұмыстары салдарынан қорым орны мен оның ізі жойылды.
Жауынгердің қираған қабірі өзінің формасы бойынша қазақ қабірлеріне өте ұқсас. Сауыттың тоқылуы және шығршық жасау түріне қарап оны XIV-XV ғасырлардағы ирандық шебердің жұмысы деп болжауға болады.  Ең көне шығыршықты тоқу жейделері XV-XVI ғасырларға жатады және таулы Алтайдың жерлеу орындарынан табылған.  Шығыршықты сауыттың сақталған түріне қарап, жерлеу топырағын ескере отырып, жауынгердің жерлеу кезеңін XVII-XVIII ғасырға, яғни түріктердің жоңғарлармен соғысқан уақытына жатқызуға болады.
Жерленген жауынгер қаңқасын тазарту кезінде оны оң жақ жамбасына, бүгілген күйінде, басын шығысқа қаратып жатқызғаны, сол жақта жалғыз жауырыны сүйегінде тесік бары анықталды. Өкінішке орай, сүйектердің жағдайы өте нашар күйде болды. Абайсыз қозғалту нәтижесінде сүйектер біржола бұзған. Бас сүйегі жоқ боды. Оны біреу ұрлап әкетуі де әбден мүмкін.Қараңғы батып бара жатқандықтан жерлеу орнын суретке түсіру келесі күнге қалдырылды. Қазбаны жабу және уақытша консервациялау жұмыстарды уақытша тоқтаты.
Ал енді таңертең келгенде жабайы вандализмнің салдарын тамашалауға тура келді: белгісіз біреулер қаңқа мен шығыршықты сауыт қалдықтарын төңкеріп, жауынгер сүйектері жерлеу орнынан төменге қарай шұңқырға лақтырылған. Батыр сауытының жақсы сақталған бөлігі ұрланған.
Сол уақытқа дейін елде жүз елу дана тұтас сауыт табылғанын осы жерде ескере кеткен жөн. Және бес жүзден астам фрагмент қолға түсіп, оның ішінде жиырмаға жуығы Алтайдан шыққанын білгеніміз жөн. Егер құрылысшылар уақытында қалалық атқару комитетіне, полицияға немесе бізге, мұражайға ашылып қалған қабір туралы хабарлаған болса, олжаны сақтап қалу мүмкіндігі болушы еді. Қазір сауыттың бірнеше фрагменті біздің мұражайда, оның қоймаларында сақталған.
 «Дүниежүзі тарихы» авторларының бірі Олег Кудрявцевтің айтуынша, жауынгерлерді жерлеудің бұл түрі Тарихқа дейінгі кезеңдегі ежелгі түріктерге тән жерлеу. Жерлеудің көнелігіне сауыттың өзі дәлел. Оның жекелеген жерлері уақыт өте келе құймалар сияқты коллоидтық шоғырларға айналған. Жалпақ соғылған сақиналармен толықтырылған сауыттың кейбір бөліктері батырдың қарсылас қару-жарағынан жараланып, сауыттың бұзылып, жамалған орындары екеніне дәлел.
 Бір-екі күннен кейін мен Үлбінің оң жағалауына, Солдатов зәйімкесіне барып, қалада өте қызу талқыланған қазбаның орнын өз көзіммен көрдім. Тазарту құрылыстарының құрылыс алаңындағы жұмыстар аяқталған. Жерлеу орны ашылған күннен бастап бес айдан астам уақыт өткен кез еді. Техника ашылған орынның  алаңын бір метрге төмендете қазғандықтан сауыт пен сүйектердің бір бөлігі әлі де орнында болғанын көрдім.
Қабір аяусыз қазылған. Бульдозердің ожауы оны екіге бөлгенін байқадым, бас сүйегі бар бөлігі жоқ болды. Жергілікті тұрғындардың бірі «бас қаңқасын», дулығасы мен қылышын жергілікті бұзақылар сүйреп әкеткенін байқаған.
Қалалық мұражай қызметкерлері Людмила Сытова мен Лариса Ситникова материалдарды өңдеуді және жерлеу орнын суретке түсіру жұмыстарын аяқтаған уақыт еді. Батыр сауытының фрагменттерін мұқият абайлықпен арнайы пакетке салды. Ал сүйектерді дайындалған футлярға салды. Олар жұмбақ рәсім жасағандай жұмыстарын мұқияттылықпен аяқтап жатты. Тек:- Бірден бәрі сақталса ғой. Әңгіме де нақтырақ болушы еді – деп күбірлеп қана жүрді.
Әрдайым батырлар мен жергілікті адамдар туған өлкені сырттан келгендердің шабуылынан қорғауға сан мәрте мәжбүр болған. Жер – шынайы тарихты сақтаушы. Кенеттен өз қоймаларын ашқанда осындай құбылыстың аса маңызы зор екенін түсінген абзал.
Сол жылдың 21 қыркүйегінде жаңадан құрылған спорт алаңында, үйрені жаттығуы кезінде, тракторда жұмыс істеп отырған СПТУ-7 оқушысы Виктор Глушенков, сол тазарту құрылысы алаңынан әкелінген топырақты ары-бері итеріп жүріп кездейсоқ эллипс тәрізді көкшіл тақтатасты көреді. Тастың өлшемі мен түсі кәдімгі өшіргішке ұқсаған болатын. Бірақ оның беткі қабаты прит жұлдызшаларымен көмкерілгендей жарқырап жатты.
Бала салған сияқты тоғыз сәулесі бар күн суретінің ойып салынған бейнесі жасөспірімнің назарын өзіне ерекше аударды. Ортасында күн дискісіне ұқсайтын минералды тасты орнатуға арналған ойығы бар еді. Табылған зат бетін  жабысқан батпақтан аздап тазалағаннан кейін, тұмардың суретін адам жасағаны белгілі болды.
Анықтама алу үшін Виктор «Мечта» палеонтологиялық клубының жетекшісі В. Н.Ларионовқа жүгінді. Тәжірибелі ізденуші жұмбақ заттың иесі Викторға мұнда бейнеленген «күн белгісі», ежелгі түріктерге тиесілі ақырет әлеміне «өту» мағынасы бар екендігін хабардар етті.
Бұл дүниеден озған жауынгермен бірге шайқас алаңында жүретін тұмар еді. Күн бейнесі оның төңіретігдегі жарқырап тұрған пирит кристалдары тұмардың біздің тастардан жасалғанын, басқа жақтан әкелінбегенін көрсетеді. Мифтік күн бейнесі өлген адамды ақырет үшін тірілтіп, оған мәңгілік өмірінде жарқырайтын Құдайды бейнеледі.
«Солдатов» қабірінен табылған заттар Қазақ КСР Ғылым академиясына жіберілді, онда табылған шығыршықты сауыт жоңғар шапқыншылығы кезеңінің жауынгеріне тиесілі екені анықталды. Алтай мемлекеттік университетінің қызметкері Олег Борониннің ақпараты бойынша: «1643 жылы елу мыңындық жоңғар әскері қазақ көшпенділеріне басып кірді. Жәңгір хан әскер жинап үлгермеді де жауға қарсы алты жүзге жетпеген аз қазақ батырларымен қарсы тұрды. Екі әскер де Қызыл-кия деп аталатын жерде кездесті. Ашық шайқаста жеңіске жету мүмкін емес болғандықтан, Жәңгір жауларды шатқалдан өткізбеу үшін ор қазып, қорған құруға бұйрық беріпті. Мұнда қазақтар алғаш рет атыс қаруын жаппай қолданыпты. Жекпе-жектің ортасында жаудың төтесінен келген Төрткара руының Жалаңдос батыры бастаған қол жауға соққы берді. Жоңғарлар жеңіліске ұшырап, он мың адамынан айырылып тым-тырақай қашты.
1710 жылы Құрылтай шақырылып, онда түменбасы Бөгенбай батыр бастаған халықтық әскер құру туралы шешім қабылданды. Бір жылдан кейін ол жоңғар аумағына басып кіріп, оны талқандаған еді.
1726 жылы - Бұланты өзенінің бойындағы шайқаста, Қара сиыр аңғарында, қазақ әскері толық жеңіске жетті. Бұл аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталып кетті.
1757-1758 жылдардағы қыста Абылай сұлтанның әскерлері Алтай жерлеріне басып кірді. Ресей мен Қытай билігі өз өкілдеріне араша түседі. Орыс этнографы Л. Шерстованың айтуынша, соңғы уақытқа дейін Алтай өңірі ауылдарында балаларды қазақтың Қошқарбай батыры атымен қорқытып келген.
Қазақ халқы Қытаймен бірге 1758 жылы Жоңғар мемлекетін жойып, Абылай хан бастаған халық Шығыс Қазақстандағы Майлышат шатқалындағы жеңісін атап өтті.
1771 жылы жүз сексен мың адамнан тұратын қалмақ әскері қазақ хандығының аумағына басып кіріп, қазақ батырлары оларды талқандаған. Бұл жоңғар-қазақ соғысындағы қазақтардың түпкілікті жеңіс болатын.
Р. Сүлейменов «XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихынан» кітабында былай деп жазады:
- Атақты батыр Қошқарбай (Сағалай ұлы)  Бура руынан шыққан XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында негізі қалнаған Қараөзек ауылында туып-өскен. Ауылдың Қараөзек аты өзен атауынан шыққан, «Қара арна» дегенді білдіреді.Орта жүз ханы Абылаймен бірге Ертістің орта ағасы өңірін жоңғарлардан азат еткен батыр.Қараөзек ауылының қазақ руларының негізін қалаушы. Қошқарбай батырдың он екі баласы болды, олардың есімдері бойынша негізгі рулар аталып кеткен: Қонай, Татыбай, Торпақ, Кеңірбай, Жетібай, Көтен, Қолыбай, Хангелді, Нақ, Жақыл.
Санкт-Петербург университетінің профессоры А. Быковтың нұсқасы бойынша, халықаралық соғыс кезінде - 1758 жылдың күзінде Таулы Алтайдағы тұрақсыздықты пайдаланып (Жоңғар хандығына қарсы Цин агрессиясының нәтижесінде)- бес мыңын қолмен Барақ пен төрт мың қолмен Қошқарбай Қатың өзенінің бойымен көшіп жүрген Алтай өңірінің старшинасы Менконың жеріне басып кірген.
1759 жылдың қаңтар-ақпан айларында алтайлықтарға қарсы соғыс қимылдарын жүргізе отырып, Қошқарбай Көкшин және Намыкай зайсандықтарды жеңіп, оларды қуып, Бийск бекінісіне жақындады. Соғысқандардың айтуынша, 1759 жылғы «қысқы шайқас» кезінде олар бір жарым мың Алтайлықтарды басып алған көрінеді. Алтайлықтар қазақтардың шабуылына  қарсылық көрсетті. Қарулы қақтығыстардың бірінде Қошқарбай мен оның ұлдарының бірі қаза тапты.
Аузша тараған халық аңыздары бойынша мұның бәрі Алтай тауларының асуында, Үлбі таулы өзені аңғарында, Ертістің оң жағалауында (қазіргі Риддердің шетінде) болған. Күштері тең түспейтін шайқаста Қошқарбай батырдың денесі жаудың садақ жебелерінің астында қалды. Ержүрек шабандоз атқа мініп жүре алмайтын болғандықтан, ұрыс алаңында қайтыс болды. Батырдың мәйіті осы жерде бір беткейде жерленген.
Кім біледі, Риддер тарихи-өлкетану мұражайында сақталған батырдың шығыршықты сауыт бөлшектері Қошқарбай батырдың сауыты болуы мүмкін.