«Ұрыс дүбірінде туған ерлік» – Кеңес Одағының Батыры Д.И. Ефремовтың туғанына 100 жыл.
Дмитрий Ефремов 1926 жылғы 10 шілдеде Мордовияның қазіргі Атяшев ауданындағы Пашино ауылында дүниеге келген. 1943 жылы толық емес орта мектепті тәмамдады. Сол жылдың қараша айында Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының қатарына шақырылды. 1944 жылдың қыркүйегінен бастап Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқасты. 1945 жылдың наурызында сержант Дмитрий Ефремов 3-Беларусь майданының 43-армиясы құрамындағы 70-атқыштар дивизиясының 68-атқыштар полкінің пулемет есептобын басқарды.
1945 жылғы 2–6 наурыз аралығында Пертельтникен ауылы (қазіргі Калининград облысы Зеленоград ауданының Терновка кенті) маңындағы ұрыстар кезінде Ефремов өз есептобымен бірге қарсыластың 80 сарбазы мен офицерінен құралған топтың тасжол арқылы шегіну жолын бөгеді. Жау бірнеше рет қарсы шабуылға шыққанымен, олардың бәрі тойтарылды. Сол шайқастарда Ефремов 40-қа жуық жау әскерін жойды. Сол аудандағы атауы жоқ биіктікті алу кезінде ол үздіксіз оқжаудырып, биіктікті сәтті басып алуға үлкен үлес қосты.




1945 жылғы 6–8 сәуірде Фридрихсберг (қазіргі Калининград қаласы аумағындағы Зеленок кенті) үшін болған шайқаста Ефремов Ланд-Грабен каналынан өтіп, жауға оқ жаудырып, батальонның сәтті өтуіне мүмкіндік жасады. Немістердің бір тірек пунктіне шабуыл кезінде ол қарсыластың тылына өтіп, пулеметтен оқ жаудырып, олардың қатарында дүрбелең туғызды. Ефремовтың пулеметі снаряд жарылысынан істен шыққаннан кейін, ол жараланған жауынгердің винтовкасын алып, өзі ауыр жараланғанға дейін шайқасты жалғастырды. 1945 жылғы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майдандағы жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін сержант Дмитрий Ефремовқа Ленин ордені мен №8923 «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
