Меню KDT

Біздің залдар




Табиғат залы

Музей экспозициясымен  келушілер үшін табиғат залынан басталады. Бұл залда Риддер өңірінің жер қойнауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің тарихи даму барысындағы әртүрлілігі мен байлығы көрсетілген.

Тарих залы

Тарих залының экспозициясы шартты түрде бірнеше ақпараттық бөлімдерге бөлінген:өңірдің дамуы ежелгі дәуірлерден бастап, Риддер қаласының кеңестік Қазақстандағы түсті металлургия орталығына айналу кезеңіне дейін қамтылады, этнографиялық бұрыш — «Ескі дін ұстанушылардың үйі» Риддер өңірін игерудің қызықты беттерінің бірі туралы сыр шертеді,«Жауынгерлік даңқ бұрышы» — қаланың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы үлесі, интернационалист жауынгерлер туралы баяндайды, арнайы бұрыш — Қазақ КСР-інің көрнекті мемлекет және партия қайраткері, Ұлы Отан соғысы жылдарында Риддер кен басқармасының басшысы болған Қонаев Д.А арналған.

Қазіргі заман тарихы залы

Қаланың тарихындағы жаңа бетбұрыс Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен басталады. Өңірдің экономикалық және мәдени әлеуетінің жаңа қырлары ашылады. Бұл туралы қазіргі заман тарихы залындағы музей қорларында сыр шертеді.

Қазақ этнография бұрышы

Қазіргі заман тарихы залында Қазақстан халқының көпұлтты бірлігі мен рухани келісіміне арналған бөлім ерекше орын алады.

Қаланың тұрғындары мен қонақтары этнографиялық «Киіз үй» бұрышында қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысымен әрдайым үлкен қызығушылықпен танысады.

Геология бұрышы

Риддер тарихи-өлкетану музейінің мақтанышы — тау-кен өнеркәсіп кешенінің негізі болып табылатын геологияның өткені, бүгіні мен болашағы туралы баяндайтын экспозиция.

Бұл бөлімде минералдар мен полиметалл кендерінің үлгілері, құжаттар кешені, авторлық монографиялар және танымал геологтардың жеке заттары қойылған.

Музейде риддерлік импактты құрылымдар (астроблемалар) ареалына арналған экспозиция жасалған. Бұл көрменің баламасы Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелде де жоқ деуге толық негіз бар.

50–60 жылдардағы бөлме бұрышы

Музей экспозициясын өткен ғасырдың 1950–60 жылдарындағы бөлме аяқтайды.Бұл бөлменің интерьері келушілерді соғыстан кейінгі кеңестік дәуірге, алғашқы теледидар мен адамның ғарышқа ұшу кезеңіне шынайы түрде қайта оралтады. Экспозиция тек посткеңестік кеңістіктен келгендерде ғана емес, алыс шетелдік қонақтарда да әрдайым жылы және жағымды әсер қалдырады.