Жамбыл – әрі эпик ақын, әрі айтыс өнерінің хас шебері, абыз жырау. Ол халық поэзиясын жаңа арнаға бұрып, жаңа мазмұн берген жаңашыл тұлға. Оның жырлары халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін бейнеледі.Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді.