«Туған жер – алтын бесігім»
«Туған жер – алтын бесігім» облыстық мәдени жобасы аясында Өскемен қаласында Риддер қаласының мәдениет күндеріне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Облыстық филармонияда Риддер тарихи-өлкетану музейінің «Абай және оның замандастары» атты портреттік галерея көрмесі ұсынылды. Келушілер музей қорының інжу-маржаны – Ю. Г. Хабаровтың акварельді жұмыстарының коллекциясын қызығушылықпен тамашалады. Қонақтар суретшінің шеберлігіне тәнті болып, музей мамандарына Қазақстанның мәдени мұрасына деген құрмет пен ұқыптылықпен қараған үшін алғыстарын білдірді !🌿
«Абай және оның замандастары» көрмесі халқымыздың ұлы мұрасын және оның рухани құндылықтарын тағы бір еске салды.
