Меню KDT




Экологиялық квест



Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында №16 мектептің 7-сынып оқушыларына арналған танымдық экологиялық квест «Табиғатты сақтайық — болашақты қорғайық» өтті .Табиғат маманы балаларға табиғи және жер асты байлықтарын сақтау, қоршаған орта мен туған өлкенің ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, оқушыларға қалдықтарды сұрыптау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың күнделікті өмірдегі рөлі туралы айтылды.
Квестке қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктерін көрсетті.