Бейнероликтер байқауы «Ата-анамның мамандығы. Еңбек адамының бір күні»
Риддер қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Ата-анамның мамандығы. Еңбек адамының бір күні» атты қалалық видеоролик байқауының қорытындылары шығарылды. Байқау – Қазақстан Республикасының күніне, Еңбек мамандықтары жылына және Еңбек күніне арналған. Қаламыздың білім беру ұйымдарының оқушылары еліміз дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген жандар туралы шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Жүлдегерлер:
І дәрежелі диплом – Сушков Максим, Керебаева Дарина, Потапов Платон, Полухина Анастасия.
ІІ дәрежелі диплом – Геллерт Елизавета, Рындина София, Шнайдер Каролина.
ІІІ дәрежелі диплом – Коробейников Сергей, Комилов Камиль, Кузьмин Аникей, Николаев Арсений, Аксёнова Регина.
Көрермендер таңдауы дипломы – Комилов Камиль (әлеуметтік желілерде ең көп лайк пен көрілім жинағаны үшін).
Көрермендер мен қатысушылардың пікірінше, мұндай байқаулар жиі өткізілгені жөн – себебі балалар әрдайым кім туралы айтқысы келеді, кімге мақтануға болады, кімге еліктігісі келеді.
Байқау «Аманат» партиясының қолдауымен өткізілді.
