Меню KDT




Музейдегі ашық есік күні



Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Риддер тарихи-өлкетану музейі өз келушілеріне кеңінен есігін айқара ашты.
Келушілерге заманауи Қазақстан туралы бейнематериал көрсетіліп, қала тарихына арналған экскурсия ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Егемен Қазақстанның қалыптасуы» атты көрме ұсынылды. Көрмедегі материалдар мемлекет пен Риддер қаласының қалыптасу және даму кезеңдерін бейнелейді.