Заң мен тәртіп
Заң мен тәртіп — бұл тек ережелер мен талаптардың жиынтығы ғана емес.
Бұл — қоғамымыздағы қауіпсіздік, әділдік және тұрақтылықтың негізі.
Қазақстан Республикасында «Заң мен тәртіп» нарративі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады және құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыс нақты нәтижелер беруде: қылмыс деңгейі төмендеуде, азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілуде, мемлекеттік институттарға деген сенім нығаюда. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әлеуметтік осал топтарды қорғауға және түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.
Заң мен тәртіп — бұл тек мемлекеттік органдардың ғана жауапкершілігі емес. Бұл — әрбір адамның заңға құрметпен қарауы, өзге адамдардың құқықтарын сақтау және қоғамдағы жағдайға бейжай қарамау жөніндегі саналы таңдауы.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана қауіпсіз ортаны қалыптастырып, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін сақтауға болады. Заң мен тәртіп — күшті, әділетті және тұрақты Қазақстанның негізі.
