Меню KDT




Жыр алыбы – Жамбыл



 
   Жамбыл – әрі эпик ақын, әрі айтыс өнерінің хас шебері, абыз жырау. Ол халық поэзиясын жаңа арнаға бұрып, жаңа мазмұн берген жаңашыл тұлға. Оның жырлары халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін бейнеледі.Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын.                               

Белгілі қазақ қайраткері Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді.Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», – деген еді.

 
  №11 орта мектебінде Риддер тарихи-өлкетану музейінің маманы Калым М.Б. «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ақпараттық сағат өткізді.Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны, жыршы, айтыс өнерінің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Ақынның ел бірлігі мен отансүйгіштікті жырлаған шығармалары кеңінен насихатталды.Танымдық сағат жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізді.