Сондай-ақ мұнда жауынгер-музыкантының киімі мен қару-жарағының реконструкциясы, б.з.д. IV–III ғасырлардағы сақ ақсүйек әйелінің бейнесі, сондай-ақ б.з.д. III–I ғасырларға жататын сақ-скиф дәуіріндегі әйелдің антропологиялық келбетін көруге болады. Бұл бейне 2019 жылы Тарбағатай ауданындағы Елеке Сазы қорымының №3 қорғанынан табылған әйелдің бас сүйегі негізінде жасалған.
Көрмеде ерекше назар аударатын тағы бір бірегей бұйым — қола дәуіріне жататын қола айналар. Сонымен қатар жетіген, қобыз, домбыра және сыбызғы сияқты дәстүрлі музыкалық аспаптар, металлдан, ағаштан және былғарыдан жасалған бұйымдар да ұсынылған. Олар дәстүрлі қолөнер мен зергерлік өнердің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.
Көшпелі көрмеде ұсынылған археологиялық артефактілер ежелгі көшпелі өркениеттің нағыз қазынасы болып табылады.Көрмеге қойылған заттар шынымен де бірегей және олардың баламасы жоқ. Олар археологтардың көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Бұл артефактілер ежелгі көшпелілер мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын, олардың өнері, дүниетанымы мен өмір салтының терең әрі күрделі болғанын айқын көрсетеді. Музей экспонаттары арқылы келушілер көшпелі халықтардың эстетикалық талғамын, тұрмыстық мәдениетін және қолөнердегі озық технологиялық тәсілдерін көре алады. Мұндай көрмелер ғылыми, эстетикалық және мәдени құндылықтарды халыққа жеткізудің маңызды құралы болып табылады.